• Decrease font size
  • Reset font size to default
  • Increase font size
KAZRUS

Вход для зарегистрированных пользователей

Информация
о руководстве Управления координации занятости и социальных программ Алматинской области

Балабиева Ұмсын Абиболлақызы 

1960 жылы 11 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. Тұрмыста, бір ұлы бар. Білімі-жоғары, 1979-1983 жылдар аралығында Алматы халық шаруашылығы институтында экономист мамандығы бойынша білім алған. Балабиева Ұмсын Әбиболлақызы өзінің еңбек жолын 1983 жылы Қызылорда облыстық атқару комитетінің еңбек бөлімінің экономисі қызметінен бастады. 1986-1988 жылдары Алматы облыстық атқару комитетінің еңбек жөніндегі бөлімінің экономисі, 1988 жылдан облыстық еңбек және жұмыспен қамту бас басқармасының аға экономисі, бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2006 жылдан бастап облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары. 2010 жылдың 26 мамырынан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығы болып тағайындалды.

Қабиев Еркін Байнүсіпұлы 

1959 жылы 17 шілдеде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосында дүниеге келген, ұлты қазақ. Үйленген, екі баласы бар. 1976 жылы орта мектепті аяқтаған соң, Қазақ политехникалық институтының автоматика және басқару жүйелері факультетіне оқуға түсті. 1981 жылы аталған оқуды аяқтап Қазақ мемлекеттік университетіне жұмысқа орналасты. 1983 жылы Қарадала жерасты суларын пайдалану басқармасына жұмысқа ауысты. 1987 жылдың қазан айынан 1991 жылдың қарашасына дейін Алматы облысы Ұйғыр аудандық партия комитетінде қызмет атқарды. 1991 жылдың қарашасынан Ұйғыр аудандық салық инспекциясында аға маман, аға инспектор, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарып, 1996 жылдың наурызында «Сельхозэнерго» мекемесіне директор болып тағайындалды. Ал 1997 жылдың наурызында аудандық әлеуметтік қорғау бөліміне меңгеруші қызметіне бекітіліп, 2002 жылы 15 сәуірде Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары қызметіне конкурстық негізде тағайындалды. Бұл қызметте 2006 жылдың маусымына дейін болып, осы кезден Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Иманғали Ғазиза Әмитқызы 

1977 жылы 30 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ. Тұрмыста, екі баласы бар. Орта мектепті аяқтағаннан кейін, 1994 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп, оны экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1998 жылы Қызылорда қаласы бойынша Салық комитетіне қабылданып, маман, салық инспекторы қызметтерін атқарған. 2004 жылдың шілде айынан ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Агроөнеркәсіп кешені және қоршаған ортаны қорғау басқармасының қоршаған ортаны қорғау бөліміне жетекші маманы болып тағайындалып, аталған министрлікте бас маман, сарапшы, бас сарапшы болып еңбек етті. 2010 жылдың сәуірінен Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары. 2010 жылдың 1 маусымынан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.