Соңғы жаңалықтар

Кіру сайты

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үш бағыты бойынша 8593,5 млн.теңге бөлінді(РБ 4031,4 млн.теңге, ЖБ – 4562,0 млн.теңге). Ағымдағы жылдың 1 қазанына 5607,2 млн.теңге игерілді (жылдық жоспарға 65,2%).
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде облыс бойынша 8350 адамды оқытуға 1572,5 млн.теңге қарастырылған. Оның ішінде:
1) тегін кәсіптік және техникалық білім берумен орта жастағы (15-24 жастағы) жастар қатарынан 1535 адамды оқытуға - 308,4 млн.теңге;
2) еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарға жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 6815 адамға - 1264,1 млн.теңге.


Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан 1520 адам тегін кәсіптік және техникалық білім беру бойынша оқытуға жіберілді.
Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 6803 адам қамтылды. Оқуын аяқтаған 3588 азаматтың 2930-ы немесе 81,7%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Ағымдағы жылы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе кәсіпорындардың оқыту орталықтарында қысқа мерзімдік оқыту ұйымдастырылуда. Барлығы 5 оқыту орталығы анықталды ( "ТАТЭК, Қайнар АКБ, Кнауф Гипс Капшағай, Байсерке Агро, "Байтұрғанова" ЖК).
Аталған 3 орталықта барлығы 154 адам оқытылуда. Оның ішінде Кербұлақ ауданы мен Талдықорған қаласынан «ТАТЭК» АҚ-на (электрик мамандығы) бойынша 22 адам және «Қайнар АКБ» ЖШС (аккумуляторщик мамандығы) бойынша 6 адам, Ақсу, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласынан "Байтұрғанова" ЖК-не (визажист, парикмахер және т.б.) мамандықтар бойынша 111 адам, «Байсерке Агро» ЖШС (ветеринар мамандығы) бойынша 15 адам жіберіліп оқытылуда.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 1920 адамды қамту жоспарланып, 5321,7 млн.теңге бөлінді. Шағын несие беру жұмыстары басталды.
Шағын несие беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 788 адамның жалпы сомасы 3543,9 млн.теңгені құрайтын құжаттары мақұлданып, 738 адамға 3313,7 млн.теңге шағын несие берілді.
Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 552 адамға жалпы сомасы 2019,3 млн.теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 186 адамның жалпы сомасы 1294,4 млн.теңге.
Шағын несиені кепілдендіруге 402,5 млн.теңге бөлінді (ауылдық жерлерде-335,3 млн.теңге, қалаға-67,2 млн.теңге).
Ауыл тұрғындарының жобаларын кепілдендіру жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 44,4 млн.теңгені құрайтын 10 жоба мақұлданып, 31,4 млн.теңгені құрайтын 7 жобаның жұмыстарына кепілдендіру қаражаты берілді.
Талдықорған және Текелі қалалары бойынша «Кәсіпкерлікті дамыту «Даму» қоры АҚ-мен 892,2 млн.теңгеге және сәйкесінше 67,2 млн.теңге келісім шартқа қол қойылды.
Бүгінгі күні «Кәсіпкерлікті дамыту «Даму» қоры АҚ мен 4 екінші деңгейлі банктер («Сбербанк» АҚ - 70,0 млн. теңге, «Нұрбанк» АҚ - 300,0 млн. теңге, «Банк Центр кредит» АҚ - 250,0 млн.теңге, «Қазақстан Халық банк» АҚ - 100 млн. теңге) арасында келісім шарттарға қол қойылып, қаражат екінші деңгейлі банктердің есеп шоттарына аударылды. Қалған 490,0 млн.теңгені «Сбербанк» АҚ-ы мен «Форте Банк» АҚ-на бөліп беру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта 72,5 млн.теңгені құрайтын 6 жоба мақұлданып, «Сбербанк» АҚ арқылы Талдықорған қаласынан жалпы сомасы 18,0 млн.теңгені құрайтын 1 жобаға шағын несие берілді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша пилоттық режимде 7 ауданда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде. Кәсіпкерлік негіздеріне 1326 адам оқытылып, 991 адам оқуын аяқтап, сертификаттар алып шықты. Оның ішінде 166 адам шағын несие алды.
Шағын несие алған адамдар 447 жұмыс орындарын құрды.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 1699,2 млн.теңге бөлінді.
Жыл басынан қоғамдық жұмыс орындарына 8382 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1161 адам (100,5%), жастар практикасына 1355 түлек жіберілді (109,9%).

 

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz