Кіру сайты

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үш бағыты бойынша 8593,5 млн.теңге бөлінді(РБ 4031,4 млн.теңге, ЖБ – 4562,0 млн.теңге). Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 4811,8 млн.теңге игерілді (жылдық жоспарға 56,0%).
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде облыс бойынша 8350 адамды оқытуға 1572,5 млн.теңге қарастырылған. Оның ішінде:
1) тегін кәсіптік және техникалық білім берумен орта жастағы (15-24 жастағы) жастар қатарынан 1535 адамды оқытуға - 308,4 млн.теңге;
2) еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарға жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 6815 адамға - 1264,1 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан 1487 адам тегін кәсіптік және техникалық білім беру бойынша оқытуға жіберілді.
Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 6078 адам қамтылды. Оқуын аяқтаған 3204 азаматтың 2248-і немесе 70,2%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Ағымдағы жылы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе кәсіпорындардың оқыту орталықтарында қысқа мерзімдік оқыту ұйымдастырылуда. Барлығы 5 оқыту орталығы анықталды ( "ТАТЭК, Қайнар АКБ, Кнауф Гипс Капшағай, Байсерке Агро, "Байтұрғанова" ЖК). Аталған оқыту орталықтарына шамамен 200 адамды оқыту жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні "Байтұрғанова" жеке кәсіпкеріне Ақсу, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласынан 6 мамандық бойынша 108 адам, «ТАТЭК» АҚ-на Кербұлақ ауданы мен Талдықорған қаласынан электрик мамандығы бойынша 22 адам жіберіліп, оқытылуда.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 1920 адамды қамту жоспарланып, 5321,7 млн.теңге бөлінді. Шағын несие беру жұмыстары басталды.
Бүгінгі күні 716 адамның жалпы сомасы 3327,3 млн.теңгені құрайтын құжаттары мақұлданып, 645 адамға 2873,9 млн.теңге шағын несие берілді.
Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 512 адамға жалпы сомасы 1903,4 млн.теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 133 адамның жалпы сомасы 970,6 млн.теңге.
Шағын несиені кепілдендіруге 402,5 млн.теңге бөлінді (ауылдық жерлерде-335,3 млн.теңге, қалаға-67,2 млн.теңге).
Ауыл тұрғындарының жобаларын кепілдендіру жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 18,8 млн.теңгені құрайтын 5 жоба мақұлданды (50,0 млн.теңгені құрайтын 11 жоба қарастырылуда).
Талдықорған және Текелі қалалары бойынша «Кәсіпкерлікті дамыту «Даму» қоры АҚ-мен келісім шартқа қол қою рәсімдері жүргізілуде. Сонымен қатар, шағын несие беруге ниет білдірген екінші деңгейлі банктер анықталды. Олар «Нұрбанк» АҚ-ның қажеттілігі – 48,0млн. теңге, «Сбербанк» АҚ-ның қажеттілігі 48,0 млн. теңге, «Еуразиялық банк» АҚ-ның қажеттілігі – 24,1 млн. теңге, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ- ның қажеттілігі - 48,0 млн.теңгені құрап отыр.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша пилоттық режимде 7 ауданда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде. Кәсіпкерлік негіздеріне 1116 адам оқытылып, 827 адам оқуын аяқтап, сертификаттар алып шықты. Оның ішінде 162 адам шағын несие алды.
Шағын несие алған адамдар 447 жұмыс орындарын құрды.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 1662,8 млн.теңге бөлінді.
Жыл басынан қоғамдық жұмыс орындарына 7369 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1079 адам, жастар практикасына 1186 түлек жіберілді.

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz