Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру экономикалық қызмет түрі бойынша облысқа бөлінген квота шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 469 бұйрығымен Алматы облысына 2018 жылға бөлінген квота мөлшері – 2633 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 98, ІІ санат бойынша - 518, ІІІ санат бойынша - 1059, ІV санат бойынша - 54 және маусымдық жұмыстарға – 904 бірлікті құрайды.
2018 жылы берілген рұқсаттардың саны - 1228, оның ішінде І санат бойынша - 36, ІІ санат бойынша – 204, ІІІ санат бойынша - 495, маусымдық жұмыстарға – 456 және КА шеңберінде 37 - бірлік.
Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 372,0 млн. теңгені құрады.
Облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 89 мекеме мен кәсіпорында 736 (оның ішінде КА шеңберінде - 38) шетелдік және 13991 қазақстандық азамат еңбек етуде.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығымен 2019 жылға бөлінген квота мөлшері – 2898 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 85, ІІ санат бойынша - 589, ІІІ санат бойынша - 1347, ІV санат бойынша - 226 және маусымдық жұмыстарға – 651 бірлікті құрайды.

Хабарландырулар